Осы редакция 2016 жылғы 18 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Атырау облысы әкімдігінің
2015 жылғы 25 қыркүйектегі
№ 293 қаулысына 18-қосымша
Атырау облысы әкімдігінің
2015 жылғы 25 қыркүйектегі
№ 293 қаулысымен бекітілген
«Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
«Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі-мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстың аудандары мен Атырау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерімен (бұдан әрі-көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету үшін қызмет ұсыну мерзімдерін көрсете отырып, құжаттарды ресімдеу туралы хабарлама.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) іс-қимылдар тәртібін сипаттау
Мемлекеттік қызметті көрсету рәсімінің (іс-қимылының) басталуына Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен бекітілген «Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі-Стандарт) қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш негіз болып табылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы: